Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: «Бастау» жобасы бойынша оқыту онлайн жүргізілетін болды

25.05.2020, 15:02 460 0

2020 жылдың 10 маусымынан бастап «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік жүргізу негіздеріне арналған оқытудың тегін курстары басталатын болады.

Биылғы жылы қабылданған карантиндік шараларды ескере отырып, «Atameken Academy» онлайн платформасы арқылы қашықтан онлайн-оқыту қарастырылған.       Халықты жұмыспен қамту орталықтарында (әрі қарай – Орталық) тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар, ҚР Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары оқыту қатысушылары болып табылады, оның ішінде:

– ауылдық елді мекендерде, қалаларда, оның ішінде моно және кіші қалаларда тұратын адамдар;

– мүмкіндігі шектеулі азаматтар, егер медициналық қорытынды бойынша денсаулығы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтірмесе не олардың денсаулығына және (немесе) басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне зиян келтірмесе;

– зейнеткерлік жасқа жетпеген елу жастан асқан адамдар;

– сондай-ақ NEET санатындағы жастар;

– табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері;

– ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың «ҚР Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген мүшелері;

– қоныс аударушылар және оралмандар.

Оқу мерзімі 21 күннен аспайды. Бағдарлама қатысушыларына сертификат беріледі.

Жоба шеңберінде онлайн-оқыту үшін қатысушылар Орталыққа жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, оқудан өту туралы өтінішпен жүгінуі тиіс. Орталықтар үміткердің мәртебесін жобаның нысаналы тобына сәйкестігі расталған жағдайда оқуға жолдама береді.

Үміткер өз бетінше сілтеме бойынша онлайн-өтінімді қалыптастыра алады https://atameken.co/ru/course-bastau жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және Орталық жолдамасын жүктеумен.

2020 жылы Қызылорда облысы бойынша оқыту кестесі:

1-топ – 10.06 – 30.06 аралығы;

2-топ –  06.07  – 26.07 аралығы;

3-топ – 28.07 – 17.08 аралығы;

4-топ – 19.08 – 08.09 аралығы;

5-топ – 10.09 – 30.09 аралығы.

Толық ақпарат алу үшін:

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы: Қызылорда қ., Желтоқсан көшесі, 12, телефон: 8/7242/400874 сайт: www.atameken.kz.

Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының мекен –жайлары:

Арал ауданы – Арал қ., Бактыбай батыр к-сі, 46 үй, тел.:8/72433/79199

Қазалы ауданы – Әйтеке би кенті – Әйтеке би к-сі,  9 үй, тел.:8/72438/79243

Қармақшы ауданы – Жосалы кенті, Көшербаев к-сі, 36 үй, тел.:8/72437/79120

Байқоңыр қаласы – Байқоңыр қаласы, Абай көшесі 16 үй, тел.: 8/336/222735

Жалағаш ауданы – Жалағаш кенті, Үркімбаев к-сі, 33 «а» үй, тел.:8/72431/79199

Сырдария ауданы – Тереңөзек кенті, Қонаев к-сі, 12 «а» үй, тел.:8/72436/79179

Шиелі ауданы –  Шиелі кенті, Рысқұлов к-сі, 5 үй, тел.:8/72432/79255

Жаңақорған ауданы –  Жаңақорған кенті, Иманова А. к-сі, 140 үй, тел.:8/72435/79120

Анықтама телефондары: 40-02-02, 40-09-81

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: