Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Полистиробетон – құрылыс нарығындағы жаңа өнім

16.06.2023, 14:45 200

HALYQLINE.KZ Жаңақорған ауданында полистиролбетон өнімін шығаратын цех ашылды. Өнімдері сапалы әрі сұранысқа ие. Жаңақорғаннан өзге жерлерге де жеткізілетін көрінеді.

«ӨРКЕН» ЖК басшысы Сәкен Сыздыков өткен жылдың наурыз айынан бастап, полистиролбетон шығару кәсібімен айналысуда. Бүгінде ол өз кәсібін ұлғайтып, 3 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкер «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығынан» несие алып, қаржыға қондырғылар сатып алған. Қазіргі таңда өзге аудандарға да жеткізу қызметін жүргізіп келеді.

-​ Полистиролбетон жеңіл бетондар қатарына жатады, құрамында түйіршіктелген полистирол, бетон конструкцияларының дисперсті арматурасы үшін талшықтар, (Фибра-Германия) қолданылады. Осы кезге дейін Шиелі, Шорнақ аудандарынан тапсырыс түсіп, былтырдың өзінде оншақты үйдің қабырғасы осы материалмен өрілді. Бұл – XXI ғасырдың жаңа технологиясы. Өзінің сипаттамаларына сәйкес, ол көбік блогының және газ блогының сипаттамаларынан асып түседі. Жылуды жақсы ұстайды, ыстық өткізбейді. Салмағы жеңіл. Бағасы қалтаға қонымды, – дейді кәсіпкер.

Алдағы уақытта тағы төрт жұмысшы алып, жұмысты екі есеге ұлғайту жоспарда тұр. Цех осы уақытта күніне 380 блок шығарып жатыр. Өлшемдері – 60х20х30; 60х10х30; 40х20х20.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: