Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мұнай-газ саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетті

07.09.2021, 8:30 344

HALYQLINE.KZ

Қыркүйектің бірінші жексенбісі – мұнай және газ саласы қызметкерлерінің кәсіби меркесі аясында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова сала мамандарымен кездесіп, төл мереке иелеріне құрмет көрсетті. Жиынға мұнай компанияларының өкілдері мен сала ардагерлері шақырылды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақ басшысы бүгінгі кезде игерілген кен орындарының көпшілігі өндірістің соңғы сатысына шығып, қалдық қорларын өндіру ісі қиындық тудырғанымен мұнай-газ саласы аймақ экономикасын дамытуда үлкен рөл атқаратынын ерекше атап өтіп, сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады.  

– Қарапайым халықтың несібесі болған «қара алтынды» игерген мұнайшылар күнімен Сіздерді құттықтаймын!

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жаңа Жолдауында геология саласын дамытуға аса көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Сондықтан жаңа перспективалы учаскелерді барлау мәселесі өзекті болып отыр. Қазіргі таңда республикалық бюджет есебінен үш шөгінді бассейнін геологиялық зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Осы ретте, өңіріміздің мұнай өндіруші және барлаушы компаниялары да атсалысуы қажет,- деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Қазіргі таңда «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырының реверсін кеңейту жобасы аяқталу үстінде. Жоба толығымен іске асырылғанда Қызылорда облысының мұнай өндіруші компаниялары үшін ішкі нарыққа мұнай жеткізу жүктемесін төмендетуге мүмкіндік береді. Жиын барысында аймақ басшысы «қара алтынды» игерген мұнайшылар қауымын марапаттап, ел игілігі жолындағы еңбектеріне толағай табыс тіледі. Өз саласының үздігі атанған 6 сала маманы: «Құмкөл Транс Сервис» ЖШС Басқарушы директоры Байқадам Абласановқа, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ жобалау бөлімінің басшысы Құрманғазы Асановқа, «Kazpetrolgroup» ЖШС мұнай және газ өндіру мастері Дәулет Ешмұратовқа, «СНПС-Айдан Мұнай» АҚ бұрғылау жұмыстары бойынша супервайзері Самет Қалыбаевқа, «ҚОР» Мұнай компаниясы» АҚ сату бөлімінің маманы Серік Төлегенов пен «КМНПЗ» ЖШС машинисі Мұрат Көшкінбаевқа облыс әкімінің «Құрмет грамотасы» табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: