Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кірпіш зауытының жұмысымен танысты

30.04.2026, 17:20 38

HALYQLINE.KZ

Бүгін Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетовпен бірге Аманкелді ауылындағы «АКЗ ЛТД» ЖШС-ның кірпіш зауыты жұмысымен танысты. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Аталған өндіріс орны Мемлекет басшысының өңірлерде өндірісті ұлғайту және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында жұмысын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Кездесу барысында өндіріс барысы, өнім сапасы мен өткізу нарығы талқыланды.

– Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдауға ерекше көңіл бөлінуде. Осындай өндіріс орындары аудан экономикасының дамуына серпін, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. «АКЗ ЛТД» серіктестігі өңірдегі құрылыс саласын сапалы өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа да үлес қосып отыр. Алдағы уақытта да кәсіпорынның өндірістік әлеуетін арттыру жұмыстарын жалғастыру керек, — деді Берік Әбдіғаппарұлы.

«АКЗ ЛТД» ЖШС-ның директоры, аудандық мәслихат депутаты Руслан Каскиев бүгінде зауыт тәулігіне 30 мың дана кірпіш өндіретінін және жылдық өндірістік қуаты 4,5-5 миллион дана кірпішті құрайтынын атап көрсетті. Кәсіпорында 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Кәсіпорынның алдағы даму жоспарлары мен өндіріс көлемін арттыру мүмкіндіктері қарастырылды. Аудан басшысы кәсіпорын ұжымына алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: