Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Карамель» кафесінен өрт шықты

16.06.2022, 15:55 492

HALYQLINE.KZ

Бүгін, 16 маусым күні 07 сағат 53 минутта Тасбөгет кенті Есенов көшесінде орналасқан отбасылық «Карамель» кафесі жанып жатқаны жөнінде хабарлама түсті. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі хабарлады.

Аталған шақырту орнына Өрт сөндіру қызметінен 3 техника, 15 қызметкер жұмылдырылды. Оқиға орнына бірінші жеткен өрт сөндіру бөлімінің барлау жұмыстарының нәтижесінде көлемі 50×20 болатын екі қабатты отбасылық кафенің бірінші қабатында орналасқан дүкеннің ішіндегі бір тоңазытқыш жанған, 1 тоңазытқышқа және 1 кондиционерге зақым келген. Өрт сөндірушілердің нақты іс-қимылының нәтижесінде өрттің басқа тұрмыстық заттарға таралуына жол берілмеді. Ғимаратты аман алып қалды. Тілсіз жаудан зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

Ал, артынша әлеуметтік желіде нысан басшылығы техникалық ақауларға байланысты кафе мен маркеттің уақытша жұмыс істемейтіні хабарланды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: