Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауылда жаңа кәсіпкерлік нысан ашылды

16.11.2022, 14:30 231

HALYQLINE.KZ

Мемлекет тарапынан халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында түрлі бағыттағы бағдарламалар жүзеге асуда. Соның бірі – «Ұлттық жоба» шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грант. Оның мөлшері – 400 АЕК. Бұл дегеніміз – 1 225 200 теңге.

Бүгін Қармақшы ауданы ІІІ Интернационал ауылы тұрғындарының игілігіне мемлекеттік бағдарлама арқылы қайтарымсыз қаражат алып, кәсібін бастаған жас кәсіпкер Г.Есенова «Кондитер өнімдерін өндіру» цехын іске қосты. Бұл қуанышқа ауылдық округ әкімі Нұрлыбек Сайымов, ардагерлер және тұрғындар қатысты.

Кәсіпкерлік нысанның ашылу салтанатында ауыл әкімі сөз сөйлеп, «халықтың игілігі жолындағы жасап жатқан істеріңіз оңынан болсын» деп ақжарма тілегін жеткізсе, ардагер М.Түйімбетов ақ батасын берді.

– Қазір кәсіп бастаймын немесе кәсібімді ұлғайтамын дегендерге мемлекет тарапынан түрлі жағдай жасалынып жатыр. Қайтарымсыз мемлекеттік грант – соның бір дәлелі. Бұл шағын іс бастауға қаражаты жоқтарға немесе қаражаты жетпеген белгілі бір санаттағы азаматтарға үлкен көмек. Мысалы, мен қолымнан келетін кәсібімді мемлекеттің осынау көмегі арқылы бастағаныма өте қуаныштымын. Бұл берекенің бастауы болса керек, – деп, жас кәсіпкер келген көпшілікке алғысын білдірді.

Айта кетейік, ауылдық округ бойынша бүгінгі күнге тіркелген кәсіпкерлік субъектілер саны 112 бірлікті құрайды. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде 3 жоба 87,5 млн теңгеге, «Атамекен» МҚҰ арқылы 1 жоба 2 млн теңгеге несиелендірілді. Сонымен қатар «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» Ұлттық жоба шеңберінде өз ісін жаңадан бастаймын деген жұмыссыз 16 азамат құны 19,6 млн теңгенің грантын жеңіп алған болатын. Қазіргі таңда барлығы тиісті қаражаттарын алып, жобалары бойынша кәсіптерін бастады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: