Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аралдық диқандар үміт күтеді

25.05.2020, 8:57 525 0

HALYQLINE.KZ  Көктем шығып, күн жылы шырай таныта салысымен тынбай еңбек ететін шаруалардың жұмысы бүгінде қызып тұр. Маңдай терін қара жерге төгіп, еңбек даласында ерлік көрсететін ақбайлықтар бұл жолы да бейнеттің бел ортасында жүр. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев диқандар қауымының ортасында болып, шаруалармен тілдесіп, еңбекқор жандардың бастамаларына береке тіледі, деп хабарлайды Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Пленкалы әдіспен 8 гектар аумаққа қауын-қарбыз егудің ерекше тәсілін қолға алып жатқан жеке кәсіпкер Жаңабай Жолмырзаев бұл ісінен үлкен үміт күтеді.

Бұл әдіс енді еңсе тіктеп келе жатқан жасыл өскіндерге жан беріп, оларды ерекше қамқорлыққа алудың бір үлгісі саналады. Егістік алқапта еңбек етіп жатқан шаруа аудан басшысымен тілдесе келе, егіс жинау науқанында өнімдерін аудан орталығына, жергілікті тұрғындарға ұсынатындығын жеткізді. Аудан әкімі бұл бастамаларға оң бағасын беріп, халыққа тиімді ұсыныс болса, қолдауға әзір екендігін білдірді.

Одан әрі аудан басшысы осыдан бірнеше жыл бұрын алма өсіруді қолға алған жеке кәсіпкер Санат Нұрмановтың алмабағында болды. Бақ бүгінде жасыл желекке айналған. Кәсіп иесі 5 гектар жерге элиталық тұқым (Голден Делишес және Ренет Симиренко) 3350 түп алма көшеттерін еккен болатын. Қазіргі таңда 2766 түп алма көшеттері көктеп, өсіп тұр.

Егіс алқабында болған аудан әкімі алдағы уақытта алма өндірісін ақбайлық брендке айналдырсақ деген тілегін білдірді. Керек кәсіпті қолға алған шаруаға сәттілік тілеп, бұл істі аяқсыз қалдырмай нәтиже шығаруды тапсырды. Жергілікті әкімдік тарапынан қажетті қолдау жасалатынын айтып, Ақирек ауылдық округі әкімі А.Ниязымбетовке тиісті қолдау көрсетіп, қажет болса егіс алқаптарын жиі аралап, шаруалардың үніне құлақ түруді тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: