Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ақ сандық» ашылды

30.05.2023, 8:40 287

HALYQLINE.KZ

Жақында Ақсуат ауылдық округі, Махамбетов ауылы, Қаратабан қонысы, яғни «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің бойының 1803 шақырымында орналасқан «Ақ сандық» тамақтану орны өз жұмысын бастады.

ЖК «Элит Газ Строй» директоры Серік Махамбетовтың бастамасымен салынған дәмхананың жалпы құны 50 млн теңгені құрайды. 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған кәсіпкер алдағы уақытта мемлекеттік бағдарламалардың көмегіне жүгініп, дәмхана жанынан шағын маркет ашуды жоспарлап отыр.

Жалпы аумағы 315 шаршы метрді құрайтын дәмханада жолаушыларға барлық жағдай жасалған. Мұнда қонақжай, намазхана және жуынатын орын жасақталған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: