Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

14,8 млрд теңгені құрайтын 15 жоба іске қосылған

30.01.2024, 12:15 1569

2023 жылы құны 14,8 млрд теңгені құрайтын 15 жоба іске қосылды. Облыста алдағы бесжылдықта құны 1,2 трлн теңгені құрайтын 65 жобаның іске асырылуы жоспарланған.

Облысқа инвестиция тарту мақсатында, облыстық бизнес-делегациялардың Өзбекстан, Ресей, Моңғолия, Корея және Қытай мелекеттеріне жұмыс сапарлары ұйымдастырылып, нәтижесінде өңірде 3 әлеуетті инвестициялық жобақолға алынды.

Биылғы жылы қытайлық «Чайна Гласс» холдингімен бірлесіп, шыны зауытының ішінен қуаттылығы жылына
5 млн. шаршы метр энергия үнемдейтін жаңа желі іске қосылады. Бүгінгі күні қоңдырғылардың толық жеткізіліп, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді (құны 6,7 млрд теңге).

Одан бөлек, құны 26,2 млрд теңгені құрайтын 2 жобаның (айна және шығару) жобалау жұмыстары басталды («EuroGlass Industries» ЖШС – шыны бөтелкелері, «Айна Глаз» ЖШС – айна).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: