Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мектепте оқушы қайтыс болды

22.01.2026, 12:00 67

Бұл жағдай Қаскелең қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы №47 орта мектепте болған. Аталмыш мектептің 9-сыныпта оқитын оқушысы мектеп қабырғасында жүргенде қайтыс болған. Бұл туралы Алматы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады halyqline.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, бірінші сабақтан кейінгі үзіліс кезінде 9 «Г» сыныбының оқушысының жағдайы кенеттен нашарлаған. Мектеп әкімшілігі дереу жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырған.

Оқушының денсаулығының күрт нашарлағаны туралы әкесіне жедел хабарланды. Баланың анасы бөлек тұрады. Оқиға болған сәтте оқушының қасында әжесі болған, ол – осы мектептің география пәнінің мұғалімі, – деп хабарлады Алматы облыстық білім басқармасы.

Ал Шымкент қаласында әлеуметтік желілерде әртүрлі жастағы балалардың күйік шалғаны және көптеген дене жарақаттары бейнеленген видео тарағаннан кейін кәмелетке толмаған балалар отбасынан алынды. Балалар 29 жастағы анасынан 9 және 11 жастағы екі баланың мектепке бармай қойғаны анықталған соң алынды.

Фото: Артем Чурсинов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: