Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көрнекті мәдениет қайраткері өмірден өтті

12.11.2025, 10:30 115

Белгілі қаламгер, қоғам қайраткері, режиссер-сценарист, медиаменеджер Ғалым Доскен өмірден өтті. Қаралы хабарды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті, деп жазады halyqline.kz тілшісі Alash.kz ұлттық порталына сілтеме жасап.

«Ғалым Төлембекұлы – еліміздің мәдениеті мен әдебиетінің, телерадио саласының дамуына, ұлттық журналистиканың қалыптасуына сүбелі үлес қосқан көрнекті тұлға. Ол «Ұлан» газетінің бас редакторы, «Қазақстан» телерадиокорпорациясының төрағасы қызметтерін атқарып, бірнеше маңызды мәдени жобаларды жүзеге асырды. Соның ішінде «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» мен «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» атты антологиялық жинақтардың авторы ретінде ұлттық өнердің баға жетпес мұрасын келер ұрпаққа жеткізді.

Режиссер әрі сценарист ретінде «Киелі жерлер», «Жоғалған жарық хроникасы» секілді деректі фильмдерді дүниеге әкеліп, қазақ халқының рухани қазынасын кеңінен насихаттады. Өмірін сөз өнері мен ұлт мәдениетіне арнаған Ғалым Төлембекұлының жарқын бейнесі мен ұлттық мәдениетімізге сіңірген өлшеусіз еңбегі халық жадында мәңгі сақталады деп сенеміз.

Ұлтына адал қызмет еткен абзал азаматтың жаны жәннатта, иманы саламат болғай!», — делінген

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: