Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Арман Дүйсенбаевтың жетекшілігімен арнайы жұмысшы топ кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбеті мен түнгі жарықтандыру талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында аралау жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Аралау барысында аудан орталығындағы бірқатар кәсіпкерлік нысан назарға алынды. Сонымен қатар кәсіп иелеріне сыртқы безендіру талаптарын сақтау, көрнекі ақпараттарды заң талаптарына сәйкестендіру және жарықтандыру жүйелерін күшейту жөнінде нақты ұсыныстар берілді.
Мұндай аралау жұмыстары ауданның сәулеттік келбетін жақсартып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
Айта кетейік, кәсіпкерлік нысандарға аралау жұмыстары алдағы уақытта да, тұрақты түрде жалғасатын болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!