Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа кітап оқырманға жол тартты

14.09.2025, 0:48 209

Қ.Қазантаев атындағы Жалағаш аудандық мәдениет үйінде «Жалағаш ауданының Құрметті азаматы», «Құрмет» орденінің иегері, қоғам қайраткері Кенжеғара Сүлейменовтың өмір жолын арқау еткен «КЕНЖЕҒАРА» атты естелік кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

Рухани-танымдық шарада аудандық мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, сондай-ақ облыстан арнайы келген ел ағалары – Беғали Каюпов, Өмірбек Шәменов, Нәжмедин Мұсабаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев сөз сөйлеп, жүрекжарды лебіздерін білдіріп, ардақты азамат жайлы естеліктерімен бөлісті.

Жиында сөз алған зиялы қауым Кенжеғара Сүлейменовтің ел мүддесін бәрінен биік қойған, биік адамгершілігімен, терең парасатымен, қайраткерлік болмысымен дараланған азамат екенін ерекше атап өтті.

Кенжеғара Сүлейменов – еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде өзіндік қолтаңбасы бар, әділ сөзімен, байыпты мінезімен, кең пейілімен ел-жұртқа кеңінен танылған абзал ақсақал еді. Ол аудандық мәслихаттың хатшысы, аудандық билер кеңесінің төрағасы ретінде де ел ішіндегі татулық пен тұрақтылықты сақтауға, жас ұрпақтың тәрбиесіне зор үлес қосты. Оның бар болмысы – туған еліне деген сүйіспеншіліктің, азаматтық жауапкершіліктің жарқын көрінісі.

Жаңа кітап – бір адамның ғана емес, тұтас бір дәуірдің шежіресі. Бұл естелік жинақта Кенжеғара Сүлейменовтің парасатты тұлғасы, өнегелі еңбек жолы мен адами асқақтығы замандастарының, шәкірттерінің, әріптестерінің және ел ағаларының жүрек төрінен шыққан естеліктері арқылы бейнеленеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: