Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыста бір аптада қоғамдық орындарды ластаудың 122 дерегі тіркелді

04.11.2026, 17:10 55

Қызылорда облысында бір апта ішінде қоғамдық орындарды ластаудың 122 дерегі анықталды. Құқық бұзушылықтарға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды, деп хабарлайды Halyqline.kz.

Өңірде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау және қоршаған ортаны ластаудың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстар жалғасып жатыр. Полиция қызметкерлері көшелер мен аулаларда тазалық талаптарының сақталуын бақылап, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Атқарылған шаралар нәтижесінде соңғы бір аптада қоғамдық орындарды ластаудың 122 дерегі анықталған. Аталған құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар ресімделген.

Полиция қызметкерлері тұрғындарға көшелерге, саябақтар мен аулаларға қоқыс тастауға жол берілмейтінін ескертеді. Сондай-ақ қоғамдық орындардың тазалығын сақтау әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтті.

Өңірде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны ластаудың алдын алу бағытындағы профилактикалық шаралар жалғасады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: