Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жетімнің жасы

04.06.2020, 10:15 1029

Бүгін аспан біртүрлі күйде тұр. Бұлт қоюланып, дауылды жел соғып, айнала алай-түлей болуда. Апырмай, бұл не деген құдірет екен?! Сірә, бір жағдай болып қалды ма дерсіз? Тарсылдай жауған­ жауын жерді тесердей, сұрғылт бейнелі күннен табиғаттың тылсым­дығын көре аласың. Бірақ бұл әлем тып-тыныш, жайма­-шуақ жаз, нұрлы күн, күлімдеген аспандағы күн, жайқала өскен гүл бәрі-бәрі тамаша. Бірақ-бірақ… жаңағы алай-түлей боп жатқан­ нәрсе – Қайсар атты баланың жан дүниесіндегі алапат жойқын жарылыс еді. Оның сырын ешкім түсінбейтін, түйсіне де алмайтын. Себебі ол…

…Иә, өмір өлшеулі. Қазір барсың, ертең жоқсың. Осы өмір атты өр толқынды өзенге қарсы жүзген қайсар тағдырлар қаншама­. Бұл қатал тағдырда қай-қайсысы болмасын бақытты да және сол бақытқа зәру жандар.

Бақыт… Бақыт деген не осы? Біреулер үшін ол – байлық, ал біреулер үшін денсаулық, мүмкін енді біреулерге әлем кезіп саяхат­ жасау шығар. Бірақ бұл өмірде бақыт та, бақытты адам да, ол әрине, ата-анасы бар жандар дер ем. Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. Иә, расында да әкенің қатал сынды тәрбиесі,  ананың  жылы құшағы, мейірімге толы көңілі бәрі-бәрі – нағыз  бақыттың  айнасы…

«Жетім көрсең, жебей жүр» деген қазақ даналығы бар. Қазіргі таңда осы бір махаббат пен мейірге зәру жандар көбейіп барады. Неге десеңіз, ананың бауыры тастан қатты, әкенің жүрегі мұздан суық болып барады. Көрінгеннің көз моншағын ағызып, сауап алар шағында нәпсіқұмарлықтан есінен алжасып бір өмір, бір тағдыр емес, бүтін бір қоғамға залал тигізіп жатыр. «Кезінде біз мынадай болдық, анадай болдық» деп өткеннің бетін парақтаудың еш себебі, мәні де қалмаған сияқты. «Біздің ата-бабамыз қайсар­, дана» деп қанша мақтан қылсақ та естір құлақ жоқ. Неге осы қыздарымыз қысқа киімге, ал жігіттеріміз қысқа киген қыздың етегін «жап» деудің орнына қарсы шауып жүгіре жөнеледі екен? Әрине, «тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді». Сонда­ да барлық кінә қыздарда болғаны ма? Сонымен бірге көкірегі ояу, көзі ашық жігіттер көзі бояу, көкірегі ашық қызға қарамайды­ дейді. Қане, қарамағандарың? Әр қызды қолданып тастай салатын­ сулық құсатып жүрген кімдер сонда? Қарамаған емес, қайта қарау керек менің ойымша. Сен бір үйдің түтінін түтетер арусың, қарындасымсың, ертеңгі бір ұрпақтың анасысың деуге болмас па еді? Болар-ау, бәлкім бұл қоғамда жанашыр жандар бар да шығар, ал оны түсінер ару қыздар қазір жоқ.

Бастапқы тақырыпқа ойыссақ, әлгі Қайсар да – жетімек бала. Қалай, неден, нендей қателіктен туғанын жаңа айтқан бола­тынмын. Өмір бір толқынға толы, кеме сынды былай жүзсең, толқынмен басқа арнаға түсесің, былай жүрсең, тіпті қайда, нендей­  мақсатпен бара жатқаныңды да білмейсің.

«Үйлену оңай, үй болу қиын» деген біздің ақылды қазақ данала­рымыз тағы бір сөзінде. Иә, расында да барлық жастар үйленуге құмар-ақ. Ол дұрыс, құптарлық жайт әрине, ұрпақ өсіріп, ұлттың болшағын бағалай білетін, қазақ деп шырыл­дамаса да қазақтың қанынан жаралған жандар керек. Бірақ, титтей­ түйткілге, бір ғана ыдыс-аяқтың сылдыры­на шыдас бермей шытынап жатқан тағдырлар  қаншама…­

Отбасы – өмірдің айнасы. Бүтін бір қоғамның тату-тәтті боларлық, көпке үлгі, жұртқа сабақ аларлы­қ бөлшегі. Бірлігі жарасқан отбасы құрылса, жігіт намысын таптатпай, қыз арын сатпас­ еді. Балғын бөбектерді қоқыс пен жолда қалдыр­май, ата-ана  мейірлене  толған  отбасында өсіріп, баласы­ бола тұра тұл жетім етіп балалар үйіне  тапсырма­с   еді…

Қайсар – бұл өмірдің ащысы мен тәттісін жас­тайынан қатар алып, балалықпен ерте қоштасып, үлкен өмірге қиындықпен аяқ басқан жан. Ата-анасы келіспей, салдарынан дау-дамаймен ажырасып­, Қайсар анасының қолынан тәрбие алған­. Бірақ анасы ауыр науқастан ерте солып, қайтыс­  болады.­ Бұндай қиындыққа төзе алмаған бала жаны жалында­п өртене өз-өзіне сыймай кернеуіне толған өзен сынды жанашырынан айырылғаннан-ақ бота жанарының жасын бұлап қала берді. Ана мен әкенің өмірі бала үшін де, отбасындағы орны үшін де әр бөлек. Әке асқар тауың болса, ананың құшағы мәуелі жылулық­қа толы. Барың да, нарың да сен деп білетін жан. Ал сол екі алып бәйтеректің біреуі зақымданса, тамырлана өсіп келе жатқан жас өскіндердің дұрыс жолға түсер-түспесі беймәлім. Бұндай өмірді көрген Қайсар мен не жаздым, нендей бейбақ едім деп талай ойланды. Тіпті бір қарт болмағанда оның өмір сүру қиындығы еш уақытта жеңілдемес еді. Әлгі қарт деп отырғанымыз өмірден көп теперіш көрген Қайсардың жанын жасытпай, жігерлендіріп, «өлімге баруға бәрінің қолы жетеді, бірақ өмірді талпына сүруге кей адамның шамасы келмейді. Алла сыйға тартқа­н бұл өмір – сенің барың. Оны қалай сүру керектігі өзіңе байланысты. Ойлан, балам, тәубеңе кел, қиындығын берген Алла жеңілдігін де өзі береді» деді де көзден ғайып  болды. Осындай  жүрек тебірентер  сөздерді  естіген Қайсар­ алға қарай нық сеніммен жаңа өмірге аяқ басты.

Иә, сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған. Сол бақытты­ болуға, бақытқа лайықты періштелерімізді бағалай білейік!

Гүлдана  АСАНЖАНОВА

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: