Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Айтқышбек

01.06.2020, 17:35 740

Күлімдейік, балақай!

HALYQLINE.KZ “Мектеп қабырғасында жүргенде…” деп басталатын талай қызықты әңгімені жіпке тізгендей етіп айтып шығуға болады. Өйткені, ол шақтың өзіндік қызығы мен шыжығы бар. “Қайта оралмас дәурен-ай” деп еске алатын сәттегі езу тартарлықтай бірнеше оқиғаны назарларыңызға ұсынамыз. Сізде де болса, бөлісіңіз…

Оқушы сабақ айтып болған соң:

— Мен бұл бағаға лайық емеспін, — дейді.

Ұстаз:

— Ренжімеңіз, бұдан төмен баға жоқ.

* * *

Ұстаз:

— Балалар, білесіңдер ме, суықта барлық заттың көлемі азаяды, жазда керісінше. Кім маған өмірден мысал келтіре алады?

Фариза қолын көтеріп:

— Мысалы, жазғы демалыс қысқы демалысқа қарағанда ұзақ, — деген екен.

* * *

— Бүгін сабақта жолым болды!

— Қалай?

— Ұстазым мені бұрышқа тұрғызып қойғысы келген еді. Барлық бұрыш бос емес екен.

* * *

Емтиханнан кейін:

— Тапсырдың ба?

— Тапсырған сияқтымын.

— Не сұрады?

— Өзім түсінбедім. Ағылшын тілінде сұрады ғой.

* * *

Мұғалім:   

— Табиғаттың негізгі төрт элементін ата! — деді.

Оқушы:

— Жер, ауа, от…

— Енді біреуі қандай? Білмейсің бе? Тамақтың алдында қолыңды немен жуасың?

Оқушы:

— Таптым, сабынмен!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: