Арал ауданы “Руханият” орталығында Орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Ертегілер елінде» қуыршақтар үйірмесінің «Қызыл қамшының ақылды шешімі» атты ертегісінің қойылымы өтті.
Танымдық әрі тәрбиелік мәні зор қойылымды тамашалауға «Алтын балық» балабақшасының бүлдіршіндері қатысты.
Балғын көрермендер ертегі әлеміне саяхат жасап, қуыршақ кейіпкерлердің қызықты оқиғаларын тамашалады. Ертегі желісі арқылы балалар тапқырлықтың, ақылдылықтың және дұрыс шешім қабылдаудың маңызын ұғынды.
Мұндай мәдени-танымдық шаралар бүлдіршіндердің қиялын дамытып, ой-өрісін кеңейтуге, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға және рухани дүниесін байытуға ықпал етеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!