Шиелі ауданы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаның жүзеге асырылып жатыр.
2228 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына (ақылы қоғамдық жұмыс, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, жаңа бизнес-идеяларға қайтарымсыз мемлекеттік грант, алғашқы жұмыс орны, ұрпақтар келісімшарты, Күміс жас) тартылды.
2023 жылы жұмыспен қамтудың мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыруға субвенциялар есебінен 1 млрд 501 млн 061 мың теңге, облыстық бюджет есебінен 58 млн 919 мың теңге, жалпы 1 млрд 559 млн 980 мың теңге қаржы бөлінді. Ағымдағы жылдың 6 айында игерілген қаржы көлемі 779 млн 683 мың теңге. Бөлінген қаржы шегінде ағымдағы жылы жұмыс берушілердің сұратуы бойынша оқу ұйымдарында 55 жұмыссыздарды кәсіптік оқыту, бизнес-идеяларды дамытуға 149 адамға қайтарымсыз гранттар беру және 35 жасқа дейінгі 20 жасқа 2,5 пайызбен және жастардан басқа топтағы 75 азаматқа жеңілдетілген несие беру жоспарланып отыр. Бизнес-идеяларды дамытуға қайтарымсыз гранттар беру жоспарына сәйкес business.enbek.kz электронды ақпараттық порталы арқылы қабылданған өтінімдер негізінде Шиелі ауданында бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия отырысының хаттамалық шешіміне сәйкес 74 азаматқа 400 АЕК мөлшерінде (1380000 теңге) қайтарымсыз гранттар беріліп, өз кәсіптерін ашуда.
«Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан портал арқылы (skills.enbek.kz) 673 азамат онлайн түрде оқып, сертификаттарын алды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 50 азаматты жолдау жоспарланып, 60 азамат (2022 жылдан келісімшарты өтпелі – 9, 2023 жылы жолданғаны – 51) уақытша негізде жұмыс жасауда.
Жастар практикасына 390 азаматты жолдау жоспарланып, 362 азамат (2022 жылдан келісімшарты өтпелі – 295, 2023 жылы жолданғаны – 67) уақытша негізде жұмыс істеуде. Жалпы келісім шарт мерзімі аяқталған 80 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.
Ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 791 азаматты жолдау жоспарланып, 968 азамат әртүрлі техникалық құжаттарды түптеу-реттеу, санитарлық тазалық, сақшы-сарбаз, бақташы жұмыстарына жолданып, жұмыс жасауда. 46 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.
Ұрпақтар келісімшарты жобасына 3 азаматты жолдау жоспарланып, қазіргі таңда 1 азамат уақытша негізде жұмыс жасауда.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасына 98 азаматты жолдау жоспарланып, 36 азамат (2022 жылдан келісімшарты өтпелі – 18, 2022 жылы жолданғаны – 18) жоба шеңберінде жұмыс жасауда. Жобаның талаптарына сәйкес жолданған азаматтар 18 ай мерзім аяқталғаннан кейін тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. «Күміс жас» жобасына 42 адамды жолдау жоспарланып, 60 азамат (2022 жылдан келісімшарты өтпелі – 16, 2022 жылы жолданғаны – 44) жоба шеңберінде жұмыс істеуде.
2023 жылы Шиелі ауданы бойынша 3096 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, жыл басынан 1852 жаңа жұмыс орны құрылды немесе 59,8 пайызды құрап отыр. Оның ішінде уақытша жаңа жұмыс орындары 1173 (ақылы қоғамдық жұмыс, жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары, «Ұрпақтар келісімшарты», «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас» жобалары және «Жасыл Қазақстан» жобасы), тұрақты жаңа жұмыс орындары – 680.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!