Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бір мектептің қос түлегі ҰБТ-дан 133 балл жинады

22.06.2023, 18:30 794

HALYQLINE.KZ

Ұлттық бірыңғай тестілеуде қармақшылық қос түлек Нұртуған Ануарбеков пен Алмас Жаканов аудан бойынша әзірге ең жоғары балды еншіледі. Екеуі де бір білім ордасының түлегі. Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейдің оқушылары мектеп қабырғасында біршама жетістікке жеткен.

Атап айтсақ, Нұртуған Ануарбеков – «Алтын белгі» иегері, сондай-ақ, республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінің жеңімпазы, «BILGEN ALAMAN» ұлттық білім сайысының республикалық кезеңінің жеңімпазы және қала әкімдігінің стипендиаты.

Алмас Жаканов – «Үздік аттестат» иегері, бұған қоса пәндік республикалық олимпиаданың аудандық, облыстық кезеңдерінің жеңімпазы. Бұл да қала әкімдігінің стипендиаты және дебат ойындарынан Астана қаласында өткен республикалық турнирдің 3 мәрте қатысушысы.

Алдағы уақытта қос талапкер елдің үмітін ақтар маман болатынына кәміл сенеміз. Жоғары ұпаймен жоғары белеске жеткен түлектер еліміздің белді оқуларына түсіп, елдің өркендеуіне үлес қосатыны сөзсіз.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күні аймақ бойынша ең жоғары балл аралдық Нұрсұлтан Рысқалиевке тиесілі. Ол – 137 балдың иегері. Нұрсұлтан ертең яки 23 маусым күні екінші мүмкіндігін қолдану үшін тестілеуге бармақ. Талапкер 140 балды алуды көздеп отыр.

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: