Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жастық шақтың құндылығы

02.03.2023, 9:20 515

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма

Қолымды мезгілінен кеш сермедім, – деп Абай ақын жырлағандай, білімді жасынан үйреніп, оның бізге берер құндылығын түсіну керек. Білім құдды бір сарқылмас бұлақ сынды. Ол сенің өміріңнің соңына дейін сусындататыны анық. Сондықтан әр адам баласы жасынан білім алуға қарай бет бұрғаны жөн деп санаймын. Егер өз жастық шағыңды білім алуға емес, нәпсі­құмарлыққа қарай бұрар болсаң, оның бола­шағы бұлыңғыр. Құранның ең алғашқы аяты да «Оқы» делінгендіктен, білім алу – әр мұсылманның басты парызы. Адам ешқашан өз мүмкіндігін мүлт жібермеуі тиіс.

«Ажал айтып келмейді, жастық қайтып келмейді». Жастық шақтың ең тәтті кез екенін біреу білсе, біреу білмес. Дәл осы шақ – адам баласының құнды естеліктерінің жазылар әрі сақталар кезі. Миллиондаған алтын сыйласаң да, қайта оралмайтын жастық шақ. Ақылды адам өзінің сондай керемет шағын босқа өткізбесі анық. Сондықтан жастық шақтың құндылығын ұмытпалық.

Санжарбек  Мұханбетқалиев,

Е.Әуелбеков атындағы №4 облыстық мамандандырылған

мектеп-лицей-интернатының  7 «Ә» сынып оқушысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: