Кеше Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры ерекше салтанатқа ие болды. Аузымен құс тістеген талант тұлпарлары сахнаның сәніне айналды. Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен ұлттың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Сөздің кені, ойдың кемелі» атты республикалық ақындар айтысы жылжабар жылы жаңалық ретінде жұрт жадында ұзақ сақталатыны ақиқат.
Ауыз әдебиетінің аласармас байлығы – айтыс өнері жоғары деңгейде ұйымдастырылуы бір мәртебе болса, екінші көрімдік – айтыс аламанының ақтаңгер ақыны, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері, театр басшысының міндетін атқарушы Мұхтар Мәуленұлының II томдық «Тектілік пен тереңдіктің қайнары» атты кітабының тұсауы кесілді. Рухани құндылығы риясыз, «өлең – сөздің патшасы» дейтіндей бағаға ие бұл кітап оқырманға ой салар, жастарға жігер сыйлар жинақ болатын. Тәлімі мол тағылымның күші ғасырға тартатын қазынаға айналсын!
Қаныбек ӘБДУОВ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!