Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өрт салдарынан ер адам көз жұмды

22.10.2026, 18:10 25

Қарағанды облысы Абай ауданының Дубовка ауылында екі пәтерлі тұрғын үйден өрт шығып, 1982 жылы туған ер адам қаза тапты. Алдын ала болжам бойынша, өртке пештің түтін шығатын мұржасының ақауы себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

20 қазан күні кешке Саялы көшесіндегі өрт туралы шұғыл қызметтерге хабар түскен. Өрт салдарынан шатырдың ағаш қаңқасы, екі пәтердің де төбе жабындары, сондай-ақ пәтерлердің біріндегі жиһаз, үй заттары мен терезе блогы зақымданған. Өрт шарпыған аумақтың жалпы көлемі 100 шаршы метрді құрады.

Өрт кезінде пәтерлердің бірінің 15 шаршы метр аумақтағы төбе жабыны опырылып түскен. Құтқарушылар үйден көлемі 27 литрлік газ баллонын алып шықты. Сондай-ақ үй ішінен ер адамның мәйіті табылды.

Өрт 21 қазан күні сағат 00:34-те толық сөндірілді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.


Фото: Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: