Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

22.10.2026, 15:30 72

2026 жылғы тамыз-қазан айлары аралығында Қазақстанда мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қазақ тілін кеңінен насихаттау және өзге этнос өкілдерінің тіл мәдениетін дамыту мақсатында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауы өтті.

Байқау екі кезең бойынша ұийымдастырылды. Бірінші кезеңде қатысушылар «Үздік цифрлық контент» жобасы бойынша бақ сынаса, екінші кезеңде «Қазақ тілін тиімді меңгеру әдістері» тақырыбында өз жобаларын ұсынды.

Байқауға өңірлерде іріктеуден өткен, мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос өкілдері мен қазақ тілін құрметтейтін белсенді азаматтар қатысты.

Байқау қорытындысы боийынша үздік деп танылған қатысушылар дипломдармен, алғыс хаттармен және арнайы сыийлықтармен марапатталды.

Бірінші орынға Атырау облысының өкілі Кабдулкаримова Полина Андреевна ие болды. Екінші орынды Алматы қаласының өкілі Сурина Мария Алексеевна мен Шымкент қаласының өкілі Исмоилов Комилхон Бахтиярович иеленді.

Үшінші орын Ақмола облысының өкілі Әшімбек Милана Анатольевнаға, Ақтөбе облысының өкілі Хаджиева Милана Султановнаға және Қостанай облысының өкілі Блинова Алена Юрьевнаға берілді.

Байқаудың өзге қатысушыларына белсенділік танытып, мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосқаны үшін ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Байқау мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылықты арттыруға және қоғамдағы тіл мәдениетін дамытуға бағытталған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: