Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңақорғанда заманауи спорт нысаны салынып жатыр

22.10.2026, 9:55 22

HALYQLINE.KZ

Жаңақорған ауданының әкімі Жарқынбек Ғалымжан Жаңақорған кентінде жеке кәсіпкердің демеушілігімен салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты, деп жазады баспасөз қызметі.

Жаңадан салынып жатқан кешеннің басты ерекшелігі аудан тарихында алғаш рет заманауи талаптарға сай үлкен жүзу бассейні қарастырылған. Сонымен қатар нысан құрамында жаттығу залдары, үстел теннисі алаңдары, демалыс аймақтары және тамақтану орындары болады.

Жобаның жалпы құны 650 миллион теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін кешенде 30-ға жуық жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады.

Кәсіпкер Болат Балғабаевтың жеке бастамасымен жүзеге асырылып жатқан спорт нысанын жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.

Нысанның құрылыс барысымен танысқан аудан әкімі жобаны жүзеге асырып отырған кәсіпкерге ризашылығын білдіріп, құрылыс жұмыстарының сапасына баса мән беру қажеттігін атап өтті.

Айта кетейік, ауданда бұқаралық спортты дамыту және спорттық инфрақұрылымды жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде аудан аумағында 18 жаңа спорт нысаны пайдалануға берілген. Оның 10-ы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында, 4-еуі республикалық бюджет есебінен, 4-еуі жеке кәсіпкерлердің бастамасымен салынған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: