Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ата қадірі…

01.12.2022, 16:45 578

Менің атам ел-жұртқа сыйлы, қазақи болмысты, қысылғанда ақыл сұрайтын, қиналғанда арқа сүйейтін беделді жан еді. Шырайы жарқын, кесек тұлғалы, терең ойлы, жанары әрдайым жарқын жұлдыздай жанып тұратын. Өзіне тән ұтқыр да, ұшқыр сөз тұрпатымен ағайынның ақылшысы, қамқоршысы бола білді. Кісілік келбеті, бітім-болмысы кез келген адамды өзіне жақын ететін. Ер жетіп, ес білгелі атамның ұлағатты сөздері мен үшін өмірлік азық болды. Азық болғанда көмейден өтіп, тәнге қуат бермейді, көкейіңе қонып, жүректен орын табады. Жастайымнан жадыма ақыл мен білім нәрін құйған кісінің қалжыңы мен тапқырлығы, аралас әңгімелері ойыма жиі келеді. Бірде жанымдағы жақын достарымнан көңілім қалып, атамнан: «Дос табу оңай ма?» деп ақыл сұрай бардым.

Сонда атам: «Өзің қалай ойлайсың, жауап іздеп көрші?!» деп қарсы сұрақ қойды.

Сәл ойландым да, ата, «Дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын» дедім мен.

Ол кісі ойымның бұрыстығын айтты.

«Жоқ, балам. Өмірде дос табу ақымаққа оңай, ақылдыға қиын. Ақылдының досы аз, қасы көп, ақымақтың досы көп, болғанымен жақсылығы жоқ» деді ой салып.

Мен атамнан көп нәрсе үйрендім. Атам – мен үшін өте қадірлі адам. Мен атамды жақсы көремін.

Аслан ТҰРАБАЙ,

І.Қабылов атындағы №12 IT-мектеп-лицейінің 7 «Б» сынып оқушысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: