Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлы жауынгерлердің даналық сөздерінен

20.11.2022, 14:00 549

HALYQLINE.KZ

1. Нағыз жауынгердің достары ғана емес, жаулары да лайықты болуы керек. Бұл аяныш емес, сүйініш тудырады.

2. Арыстан басқарған қошқар әскері қашан да қошқар басқарған Арыстан әскерін жеңеді

3. Бақыт әрдайым батылдықтың жағында.

4. Қудалау тіпті данагөйді де ессіз етеді.

5. Жауынгердің кемелдігі – қырағылықта, ұдайы жауынгерлік әзірлікте, қатаңдықта, шынайылықта, құпия тыныштықта.

6. Сарбаздан ең алдымен төзімділік пен шыдамдылық талап етіледі, ал, батырлық – кейінгі мәселе.

7. Махаббат сауықшылға – әрекет, жауынгерге – ойын-сауық, патшаға – тұзақ.

8. Жеңіс – бұл, тыңдай білу, үйрену, тәртіптілік, тазалық, денсаулық, ұқыптылық, сергектік, батылдық, қайсарлық!

9. Жауынгер өз өмірі мен ар-намысын сеніп тапсырған адам ғана Көсем болуға лайықты!

10. Жауынгер сауыт-сайманын өзгерте алуы мүмкін, бірақ, ниетін емес!

11. Шайқаста құрбан болған жауынгер қашып құтылғаннан айбынды болмақ!

12. Әр жауынгер өз тәсілін түсіне білуі тиіс.

13. Жауынгер әрекет етеді. Ал, ақымақ қарсыласады.

14. Қорқыныш – жауынгердің басты жауы. Өзіңді жеңсең, қорқынышты да жеңесің. Ішіңдегі қорқынышты жеңе білсең, сырттағы жауды да жеңе аласың. Егер қорқынышты жеңе алмасаң, оны дос ет. Ол қаныңды тезірек айдасын, тәніңді қыздырсын, ақылыңды артық ойдан азат етсін. Бұл да – жеңіс! Сен – жауынгерсің! Қорқыныш сені емес, сен оны басқарасың!

15. Отанға деген сүйіспеншілік – өркениетті адамның бірінші құндылығы!

16. Оқуда оңай болса – жорықта қиын, жаттығуда қиын болса -жорықта оңай.

17. Біз таңдауды тек бір рет жасаймыз. Жауынгер не қарапайым адам болу. Басқа таңдау жолы жоқ.

18. Әскери істің ұлы үлгілері оларға еліктеу үшін емес рухын ұғыну үшін зерттеледі.

19. Жауынгер бәріне алдын ала әзір болуы тиіс!

20. Жауынгер жолы – өлімді шешімді, кесімді және абсолютті қабылдау.

21. Сауықшылдық – барша зұлымдықтың тамыры, әсіресе, әскери адам үшін.

22. Әскери заңдылық қиындыққа душар болған жанның қасынан немқұрайды өтуге жол бермейді. Егер көмектесе алатын болсақ, неге соны істемеске, әйтпесе, біздің жауынгерлік ар-намысымыздың құны қанша?!

23. Соғыс күтпеген оқиғалардан тұрады…

24. Біз жеңу үшін әрбір жауынгер бұйрықты ширақ орындауы тиіс. Бұйрықты орындамаған сарбаз жауға көмектескенмен бірдей, ал бұл – сатқындық!

25. Алдымен таныс, зертте, содан кейін әрекет ет.

26. Жүз соғыста жүз рет жеңу – бұл әскери өнердің шыңы емес. Жауды шайқассыз құлату – міне, бұл, шың!

Аударған  Айгүл  САҒЫМБАЙ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: