Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 29011 әскери бөлімінің үш әскери қызметшісі «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Ақорда хабарламасында олардың әскери борышын атқару кезінде ерлік пен жанқиярлық көрсеткені айтылған.
Мемлекеттік наградаға ие болғандар:
- Қуандық Бекет Бақтыбекұлы – матрос, атқыш;
- Темірхан Ақжол Тимурұлы – матрос, атқыш;
- Удалов Никита Александрович – маман, санитариялық нұсқаушы.
Бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 әскери қызметші де мемлекеттік наградалармен марапатталған еді. Олардың біріне Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын», 13-іне Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын» ордені берілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!