Өзгені өзгертің келсе, алдымен өзіңді өзгерт.
* * *
Өткені туралы айта беретіндердің бүгінінде мақтанатын түгі жоқ.
* * *
Ешкімге қызғанышпен қарама, қызғаныш саулығыңды құртады.
* * *
Әйелді ұзақ таңдаған ең жаманына жолығады.
* * *
Ең әдемі әйел – сары шашты, ең қылықты әйел – қара шашты, ал ең адалы – ақ шашты болады.
* * *
Әйелдер қашан сөйлегенше ғана әдемі, тартымды және жағымды.
* * *
Махаббат тоқтаса, онда оның әлі басталмағаны.
* * *
Адамдар «тәжірибе» деп өздерінің қателіктерін атайды.
* * *
Қандайда бір іс біткенде ақылшылар табыла кетеді.
* * *
Құдай адамның жүрегін жаралағысы келсе, оған көбірек ақыл береді.
* * *
Біреу басыңа шықпасын десең, аяғына жығылма.
* * *
Үйдің қожасы көп болса, қонақ аш қалады.
* * *
Біреуді қызғану – өзіңді одан кем көру.
* * *
Өзгені тыңдағысы келмейтіндердің дауысы қатты шығады.
* * *
Ақымақтар шыға алмайтын жерге ақылдылар кіре алмайды.
* * *
Кейде үлкен даналық – наданның сөзін айтпауымен көрінеді.
* * *
Адам қартайғанда нашар көреді, бірақ көбірек байқайды.
* * *
Біреуден құтылғың келсе, қарыз бер.
* * *
Жақсылыққа тезірек жауап бер, жамандыққа жауап беруді кейінге қалдыр.
* * *
Біреуді ешкімнің ұнатпауы – қасірет, бірақ бәрі жақсы көретін адамнан сақ бол.
* * *
Әркім өзгені өзінің азғындық дәрежесімен кінәлайды.
* * *
Сізді сыйлайтын жерге жиі бармаңыз, ал жек көретін жерге жоламаңыз.
* * *
Бәрі ақшасының аздығына қиналады, ақылының аздығына – ешкім.
* * *
Жамандық келгенше ешкім жақсылықтың қадірін білмейді.
* * *
Құдай барлық жерде бір мезгілде бола алмайды, сондықтан ананы жаратты.
* * *
Жауыңның ақылды болғаны емес, досыңның ақымақ болғаны қорқынышты.
* * *
Құдай адамға көп тыңдап, аз сөйлеу үшін екі құлақ, бір ауыз берген.
* * *
Бәріне жақсылық жасай беретіндер ешкімнен алғыс алмайды.
* * *
Біреудің ақымақтығынан сабақ алуды үйрен.
* * *
Жақсылық есте ұзақ сақталады, жамандық одан да ұзақ уақыт естен кетпейді.
* * *
Адамға қалай қарасаң, ол да саған солай көрінеді.
* * *
Ең жақсы сөз – керең де еститін сөз.
* * *
Тістеу қолыңнан келмейтін болса, тісіңді көрсетпе.
* * *
Егер кітап пен алтын қолыңнан түсіп кетсе, кітапты бірінші көтеріп ал.
* * *
Екі адам ғана сенің өліміңе сенбейді: сені жақсы көретіндер мен жек көретіндер.
* * *
Өзінің барлық проблемасын айтып, қуанышын білдірмейтін адамға сенбе.
* * *
Барлығы уақытқа қарайды, ал уақыт ешкімге қарамайды.
* * *
Егер ақылды ақымақпен әңгімелесіп отырса, онда екі ақымақтың сөйлесіп отырғаны.
* * *
Кәріліктен қорықпа, жалғыздықтан қорық.
* * *
Қиналмай уәде беретінге сенбе.
* * *
Қарызды жұрт көзінше, сыйлықты жасырып бер.
* * *
Егер өмірің жақсармаса күт, ол нашарлай түседі.
* * *
Желкеңе мініп алмасын десең, тым иіле берме.
* * *
Жауыңа жақсылық жаса, ол білсін және ұялсын.
* * *
Құдайды күнәларымызбен, адамды абыройымызбен ашуландырамыз.
Орыс тілінен аударған Ахмет Өмірзақ.
Facebookтегі парақшасынан алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!