Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дариямен тыныс алған ғұмыр

28.10.2026, 8:45 55

HALYQLINE.KZ

27 қазан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен «Достық» үйінде Қазақстанның су шаруашылығы саласының еңбек сіңірген қайраткері Әділхан Қарлыхановтың өмірі мен еңбек жолына арналған «Дариямен тыныс алған ғұмыр» атты кітаптың таныстырылымы өтті. Бұл туралы аталған кітапхананың баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Рухани-танымдық іс-шараның мақсаты – су шаруашылығы саласының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтың өнегелі өмір жолын кеңінен таныту, ел игілігі жолындағы еңбегін ұлықтау және кейінгі ұрпаққа тағылым ету.

Кітапта Әділхан Қарлыханұлының өмір жолы, кәсіби қалыптасуы, еңбек белестері мен су шаруашылығы саласына сіңірген еңбегі баяндалады. Оның азаматтық ұстанымы мен кәсіби тәжірибесі арқылы еңбек адамының қоғамдағы орны, туған жерге адал қызмет етудің маңызы көрініс табады.

Іс-шарада кейіпкердің өмірі мен еңбек жолына арналған «Дариямен сабақтас тағдыр» атты бейнеролик ұсынылды.

Кітап – бір азаматтың өмірбаянын баяндайтын еңбек қана емес, сонымен қатар су шаруашылығы саласының тарихын, еңбек адамдарының тәжірибесін және ұрпақтар сабақтастығын танытатын тағылымды туынды.

Іс-шараға ҚР СРИМ Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы С.Нұрымбетов, ҚазҰАИУ жанындағы «WaterHub»

халықаралық зерттеу орталығының директоры А.Рябцев, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Т.Дүйсебаев, ғалым, су шаруашылығы саласының ардагері Ә.Кеншімов, қоғам қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор С.Тәуіпбаев және су саласының өкілдері, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер қатысты.

Қатысушылар Әділхан Қарлыхановтың су шаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлесін, өнегелі еңбек жолының кейінгі ұрпаққа үлгі екенін және жаңа кітаптың тағылымдық маңызы зор екендігін атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: