Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақ басшысы үздік бестікке ілінді

17.08.2022, 12:01 600

«Топ пресс» ақпараттық порталында облыс әкімдерінің шілде айындағы рейтингі жарияланды. Бұл тізімде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев үздік 5-тің қатарында.

Шілде айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында жергілікті атқарушы органдар жұмысының жаңа бағыттары айқындалды. Президенттің облыс әкімдеріне айтқан әділ сыны өте әділ әрі қисынды болды, өйткені әлеуметтік-экономикалық мәселелердің тұтас кешені бойынша тұрғындардың өтініші мен ұсыныстарының сипаты облыс басшылығына арнайы жолданған болатын.

ТОП-5

Өңір басшылары рейтингінде Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев көш бастап тұр. Екінші орында Қостанай облысының әкімі, еліміздің ең тәжірибелі мемлекет қайраткерлерінің бірі Архимед Махамбеттің жұлдызы жанды. Өткен айдың қорытындысы бойынша Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев та рейтингтегі үшінші орынды сақтап қалды. Осылайша үштік түгелденді.

Өткен айда өңірде орын алған бірқатар жағымды жаңалықтар Қарағанды ​​облысының әкімі Жәніс Қасымбектің рейтингін жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік берді. Ал, бестікке ілінген Нұрлыбек Машбекұлының еңбегін мамандар ауыл шаруашылығы саласының дамуын, Қызылордада жаңа мектептердің салынуын, сондай-ақ спорт және балалар алаңдарының салынуын оң бағалаған екен. Сонымен қатар, аймақ басшысы облыс орталығында жаңа электр стансасын салуға инвестор тапты. Жаңадан салынып жатқан «Өнер сарайы» мен «Неке сарайының» салынуына да облыс әкімінің еңбегі зор.

Шілде айында облыс әкімі қызылордалық отбасыларға 250 жаңа пәтердің кілтін табыс еткені де Нәлібаевтың облыс тұрғындары арасындағы рейтингіне оң әсер еткені сөзсіз. Тағы бір айта кетерлігі, Қызылорда автобус паркі жақын арада 150 жаңа автобуспен жаңартылады.

Сонымен үздік бестікті Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қорытындылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: