Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

20 шілде күні телеарна мен радио жұмыс істемейді

20.07.2022, 10:50 662

2022 жылдыі 20 шілде күні елімізде жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізу мақсатында телеарналар мен радиостанциялар хабар таратуды уақытша тоқтатады. Бұл жөнінде Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

– 20 шілдеде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін спутниктік, цифрлық және аналогтық жерүсті желілерінің техникалық құралдарындағы қызметтерді жабумен жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Жұмыс барысында Қазақстан бойынша телерадио арналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылды, – деді.

«Қазтелерадио» АҚ спутниктік және жерүсті желілерінің техникалық құралдары бойынша қызметтерді өшірумен тоқсан сайын жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін айтты.

Министрлікте бұл жоғары сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету үшін қажет екенін атап өтті. Тоқсан сайынғы жоспарлы профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақытқа өшіруге мүмкіндік береді, осы кезеңде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар жүргізіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: