Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түлкінің түсінігі

10.07.2022, 15:00 1612

HALYQLINE.KZ Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де, жақындап келіп:

— Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халің қалай? – дейді.

Қырғауыл:

— Жақсы, өзің қалай тұрсың? – дейді.

Түлкі:

— Жерге түсіп сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді.

Қырғауыл:

— Жерге түсуге қорқамын, жерде әртүрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, – дейді.

Түлкі:

— Әй, достым, қазір заман бұрынғы заман емес, жаңа ғана келдім, бұйрық шығыпты, біреуге біреу зорлық қылмасқа, қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге жүрсін деген, – дейді.

Қырғауыл:

— Жақсы хабарыңыз бар екен, рақмет, достым! Мына жақтан бір иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды айтыңыз, есітсін, – дейді. Ит деген сөзді естіген соң, түлкі алды-артына қарамастан қаша жөнеледі.
Қырғауыл:

— Қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе? – дейді.

Түлкі:

— Кім біледі, бұйрықты ол естімеген шығар, – дейді міңгірлеп.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: