Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

12 жастағы бала өлі табылды

10.06.2022, 12:09 404

Ақтөбеде салынып жатқан нысандардың бірінен баланың денесі табылды, — деп хабарлайды Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Кеше 9 маусымда Есет батыр тұрғын алабының №3 шағынауданы аумағында салынып жатқан нысандардың бірінен 12 жастағы жасөспірімнің денесі табылды.

«Қан жоғалту, бас, денесінің жоғары және төменгі бөлігіндегі жарақат» түрінде зорлық-зомбылық белгілері бар баланың денесі табылды, қылмыстық іс тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, балаға жануар шабуылдаған болуы мүмкін», — делінген хабарламада.

Бұл дерек бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Соталды тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: