Қызылорда қалалық прокуратурасы қала аумағындағы балабақшалардың тамақтану жағдайына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына талдау жүргізді.
Заңнама талаптарына сәйкес балабақшаларда баланың физиологиялық және жас ерекшелігі, тамақтану нормасы, тағамның құнарлығы мен порциясы, тамақтану рационы ескеріле отырып, балабақша басшысы бекіткен перспективалық маусымдық мәзірге сай тамақтандыруды қамтамасыз етілу қажет.
Алайда талдаумен аталған талаптар сақталмайтыны анықталды.
Мысалы, ас мәзірімен бекітілмеген тағамдардың, пайдалануға жол берілмейтін кондитерлік бұйымдар мен тәттілердің берілуі, мәзірмен бекітілген тамақтардың іс жүзінде берілмеуі, «С» витаминімен витаминдеудің талапқа сай немесе мүлде жүргізілмейтіндігі белгілі болды.
Салдарынан қала аумағында орналасқан 22 балабақшада кәмелетке толмағандар талапқа сай тамақтанумен қамтамасыз етілмей, олардың құқықтары бұзылған.
Осы ретте заңбұзушылықтарды жою, балаларды талапқа сай тағаммен қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда қаласының білім бөліміне ұсыну енгізілді, кемшіліктерді жою бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Қызылорда қалалық прокуратурасы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!