Қызылорда гарнизонының әскери бөлімінде оқу-жаттығу дабылы берілді.
Жауынгерлік дайындықтың ең жоғары деңгейіне жеткізусабақтарыәскери бөлімде жаңа оқу кезеңінің басталысыменжүзеге асырылады. Аталған сабақ кезіндетехникаларды оталдыру жұмыстары, басқарудың жылжымалы пункттерін орналастыру мен радио жаттығулардың барысы т.б. маңызды іс-қимылдар пысықталып, орындалды.
Жауынгерлік жаттығудың негізгі мақсаты – жеке құрамның жүктелген міндеттерді уақытында орындаудағы іс-қимылдарын үйлестіру,әскери қызметшілердің кәсіби деңгейін нығайту және жауынгерлік дайындық жүйесін жетілдіру.
Бөлімнің жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру кезінде басқа әскери құралымдардың басқару органдарыменөзара іс-қимылды ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.
Әскери қызметшілер келесі кезеңдердежеке мамандықтары бойынша жауынгерлік дайындығы мен әскери техниканы жүргізуді жүзеге асырады. Әрбір жаттығу барысында жеке құрамнан мақсаттылық, кәсіпқойлық, тактикалық шеберліктер талап етіледі.
Мұхит Қонаров,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!