«2022 жыл – Балалар жылы» және 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні аясында Байқоңыр қаласының бүлдіршіндері №1 Демалыс орнында облыстық жастар ресурстық орталығы «Байқоңыр» қалалық бөлімі және РФ қарасты «Мәдениет, жастар саясаты, туризм және спорт» басқармасымен бірлесе балғындарға арнап «Фейс-арт» мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды. Онда балалар тек сурет салып қана қоймай, өздері де мерекелік көңіл күйді сезіну мақсатында беттерін бояп, ерекше әсерде мерекені атап өтті.
Сондай-ақ, мерекелік кеште балаларға арнап түрлі бағыттағы ойын-сауықтар мен спорттық сайыстар өткізілді. Кеш соңында барлық қатысушы бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар үлестірілді.
«Сыр жастары» облыстық жастар ресурстық орталығы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!