Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Сырдарияда екі науқас өзіне қойылған диагнозға сенбей, қарсылық танытуда»

08.04.2020, 9:59 769

HALYQLINE.KZ –| Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқастар саны 72 адамға жетті. Бүгін соңғы тәулікте жаңадан анықталған 18 жағдайдың мән-жайын облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған 72 жағдай тіркелді. Соңғы тәулікте жаңадан 18 жағдай анықталды. Оның 11-і – Шиелі ауданының ауданының тұрғындары. Олар – алдында анықталған науқаспен жақын қарым-қатынаста болғандар. Ал, 6 жағдай – Сырдария, 1 науқас Арал ауданында анықталып отыр. Сырдария ауданындағы науқастар да осы инфекцияны алдында жұқтырғандармен байланыста болған. Ал, Арал ауданындағы науқас – жолсерік болып еңбек еткен. Ол Түркістан облысындағы қауіпті індетті жұқтырған науқасты «Астана – Қызылорда» бағытындағы пойызда тасымалдаған.

Сырдария ауданындағы 2 науқас өзіне қойылған диагнозға сенбей, бізге қарсылық танытып отыр. Аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына жатып, ем қабылдаудан бас тартуда. Бұл біздің жұмысызға кедергі келтіруде. Тұрғындар түсіністік танытпай, біздің жұмысымыздың нәтижесі болмайды. Осыны есте сақтаңыздар», – деді басқарма басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: