Апта басында «Балалар жылы» аясында, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Қызылорда медициналық жоғары колледжі қызметкерлерінің балалары арасында «Балбұлақ» өнер байқауы өтті.
Колледж қабырғасында балалардың өз қолымен жасаған туындылары көрме ретінде ұйымдастырылды. Байқаудың бағдарламасында 5-15 жас аралығындағы балалардың сурет, ән айту, би билеу, аспапта ойнау, мәнерлеп оқу жанрлары қамтылды.
Қазылар алқасының құрамында М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің хореограф-оқытушысы Салтанат Жанахметова, С.Сейфуллин атындағы №4 мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ақмарал Жиенбаева, Қызылорда медициналық жоғары колледжінің музыкалық жетекшісі Жарқын Ешниязовалар болды.
Балалар жылының науқанын ресми түрде бастау үшін 1 маусым – Балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтау сөзі колледж директоры Салтанат Тасмағанбетоваға берілді.
– Қатысып жатқан бүлдіршіндерге сәттілік тілеймін. Мұндай іс-шараның жас ұрпаққа берер тағылымы мен тәлімі көп деп ойлаймын. Балалардың өнері өрге жүзсін! Мереке құтты болсын! Шын мықты жеңімпаз атансын! – деді колледж директоры.
Жас бүлдіршіндер өз өнерлерін сахнада барынша дайындықпен көрсете білді.
Байқау қорытындысында сурет салу, ән айту, би билеу, аспапта ойнау шеберлігі бойынша 1, 2, 3-орын иегерлері колледж директорының дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Балалар жылында атқарылып жатқан бұл іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады және бұдан да жоғары деңгейде атқарылады деп сенеміз.
Жалпы, 1 маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып тойланып келеді. Және бұл – әлемдегі ең ескі мерекелердің бірі.
Данагүл ДҮЙСЕНБАЙ,
Қорқыт ата атындығы ҚУ-дың 2-курс студенті
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!