Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кәсіпкер боламын десеңіз…

12.05.2022, 17:10 514

HALYQLINE.KZ Бүгінгі күні заңды тұлғаларды тіркеу саласында мемлекеттік корпорация көрсететін мемлекеттік қызметтерден заңды тұлғаларды және олардың филиалдары мен өкілдіктерін (шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін) есептік тіркеу қызметтері жеңілдетілді. Енді аталған мемлекеттік қызмет «eGov» электрондық үкімет порталында (адами фактордың қатысуынсыз) толтырылатын электрондық хабарлама беру арқылы толық автоматтандырылған түрде жүзеге асыралады.

Мәселен, ЖШС ашу үшін жаңа бастаған кәсіпкерге жарғы қажет емес, тіркеу жарнасын төлеудің немесе салыққа барудың да керегі жоқ. Тек компьютер мен электрондық цифрлық қолтаңба болса жеткілікті. Егер egov.kz порталы арқылы нұсқауларды орындасаңыз, 30 минуттан аз уақыт ішінде ЖШС-ді тіркей аласыз.
Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға құрылтайшы (құрылтайшылар) ҚР Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама береді. Электрондық хабарлама Egov.kz электрондық үкімет порталында толтырылады және беріледі.

Бұл ретте шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғылары (ережелері) мемлекеттік тіркеу процесінде ұсынылмайды.

Тиісті өрістерді толтырғаннан кейін жүйе барлық деректердің дұрыстығын тексеруді сұрайды. Егер бәрі дұрыс болса, жүйе ақпаратты өңдейді және ЖШС тіркеу туралы анықтаманы 30 минуттан кейін береді (максимум). Егер портал жақсы жұмыс істесе, анықтама 10 минуттан кейін дайын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: