HALYQLINE.KZ Шиелі ауданы, Майлытоғай ауылындағы «Айжан» балабақшасында «Біз еңбекқор баламыз» атты аудандық тәжірибе алмасу семинары өтті. Семинардың мақсаты – балалардың бойында қарапайым еңбек дағдыларын қалыптастыра отырып, еңбек сүйгіштікке, еңбек адамдарына құрмет сезімдерін білдіруге тәрбиелеу. Іс-шараға білім бөлімінің әдіскері Айнұр Илиаджиева, жеке балабақшалар төрайымы Жәмила Әділбек және балабақша қызметкерлері қатысты.
Алдымен «Айжан» балабақшасының меңгерушісі Салтанат Әбілдаева келген қонақтарға жылы лебізін білдірді.
– Біздің басты мақсатымыз – балаға дұрыс тәлім-тәрбие беру. Бүгінгі іс-шара өз мақсатына жетеді деп ойлаймын. Әрине, баламен жұмыс істеу оңай емес. Дегенмен, біздің тәрбиешілеріміз әртүрлі әдістерді пайдаланып, балалардың білімге деген қызығушылығын оятады. Бүгінгі семинарда оған көз жеткізесіздер деп ойлаймын, – деді ол.
Одан кейін семинар балабақша бүлдіршіндерінің ән-шашуына ұласты.
Кейін ортаңғы топ тәрбиешісі көңілді паравозымен таңғы жаттығу аялдамасына келіп тоқтады. Таңғы жаттығудан кейін балабақша әдіскері Айерке Шайланова «Қатынас» білім беру саласы мектепке диінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша презентациямен таныстырды. Іс-шараны ересек тобының тәрбиешісі Лаура Амангелді «Құмырсқа» ертегісімен жалғастырды.
Балабақша әдіскерімен тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен өткен көңілді тренинг келген қонақтардың көңілін көтерді. Аудандық семинар «Жастар практикасымен» келген тәрбиеші Нұрбике Өмірзақованың дидактикалық ойынымен өз мәресіне жетті.
Семинарды аудандық білім бөліміңің әдіскері Айнұр Илиаджиева мен жеке балабақшалар төрайымы Жәмила Әділбек қорытындылап, білікті тәрбиешілер мен бастамшыл басшыларға сәттілік тіледі. Келген қонақтар балабақша қызметкерлеріне өз ризашылығын білдірді.
Анар МЫРЗАТОВА,
«Айжан» балабақшасының тәрбиешісі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!