2021 жылы сол уақытта 97 жаста болған израильдік журналист Уолтер Бингхэм өз мамандығы бойынша жұмысын жалғастырып, әлемдегі ең қарт журналист ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Бингхэм апта сайынғы Walter’s Word радиобағдарламасын зейнетке шықса да жүргізді. Оның журналистік тәжірибесі 70 жылдан асады.
– Егер сізде 97 жасыңызда барлық қабілетіңіз пен ынтаңызды бір арнаға тоғыстыра білсеңіз, бойыңыз сергек болады. Ми – бұл бұлшықет. Бұлшық еттерді тұрақты түрде жаттықтырып, дағдыға айналдыру керек, – дейді ол.
Бингхэм 1924 жылы Германияда дүниеге келіп, фашистердің шабуылынан Ұлыбританияға қашып кеткен. Соғыстан кейін ол Лондон радиостанциясының байланыс орталығында жұмыс істеді, содан кейін радиожүргізуші қызметін атқарды.
Бұл Бингхэмнің алғашқы рекорды емес. 2017 жылы «ең қарт радио ток-шоу жүргізушісі» атанып, бір жылдан кейін 94 жасында парашютпен секіру арқылы әлемдік рекордты жаңартты.
«Зейнетке шығасың ба?» деген сұраққа журналист «осы сөзді сөздіктен іздеу керекпін» деп әзілдейді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!