Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қолға су құю немесе ақ батаның шарапаты

20.11.2021, 11:00 1437

HALYQLINE.KZ 1945 жылы соғыстан қайтқан бір жігіт еліне аман-есен келіп, ас беріп, құран оқытады. Жігіттің өзі қонақтардың қолына су құйып, бәйек болып, құрақ ұшады. «Беріңіз, аға, мен құяйын» деген жас балаларға кезек бермепті. Қонақтар үйлеріне қайтқан соң әлгі жігіт ауырып, төсек тартып жатып қалады. Көңілін сұрай келген ағайындарына ол:

– Майданда жүргенде құдайдан күндіз-түні «Иә, Алла, тек туған жеріме аман жеткізе гөр. Жат жерде өлуден сақта. Атамекеніме табаным тигесін, жанымды алсаң да ризамын», – деп тілеуші едім. Дұғам қабыл болып, еліме аман-есен оралдым. Ел ішінде ұзақ жасағым да келді. Көптің батасын алсам, бір шарапаты тиер ме деп құманмен де өзім су құйдым. Бірақ батаны аямай жаудырған жұрт: – «Ғұмырың ұзақ болсын! Жүз жаса!» – деп бір тілек айтпады ғой шіркін. Егер осылай дегенде, Алла тағала көптің тілегін қабыл етіп, өмірімді ұзартар ма еді, кім білсін… Амал нешік, енді қайтып басымды көтермеспін. Себебі, соғыста елге жеткен соң жанымды алсаң ризамын, – деген сертім бар еді. Сол сертім жібермеді білем» – депті. Содан көп ұзамай өзі де дүниеден өткен екен…

Ел аузынан

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: