Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

14 мыңнан астам медқызметкерге екпе салынды

12.02.2021, 17:00 466

HALYQLINE.KZ 1-11 ақпан аралығында Қазақстанда коронавирустық инфекциясына қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасын 14 мыңнан астам медицина қызметкері алды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚДСҰО санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының сарапшысы Лена Қасабекова мәлімдеді.

– 2021 жылғы 1-11 ақпан аралығында республика бойынша коронавирустық инфекцияға қарсы 14 мыңға жуық адам егілді. КВИ-ға қарсы егілгендер арасында иммундаудан кейін қолайсыз көріністер тіркелген жоқ. Бірақ, күтілетін реакциялар пайда болуы мүмкін – қызару, инъекция орнындағы ауырсыну, температураның жоғарылауы, қан қысымының қысқа мерзімді жоғарылауы және т.б., олар бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылады, – деді Л.Қасабекова.

Спикердің атап өтуінше, әлем бойынша қазіргі кезде алты вакцина қолданылып жатыр. Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғашқы мемлекеттердің бірі болып коронавирусқа қарсы екпе жасай бастады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: