Кітап – білімнің қайнар көзі, рухани байлықтың бастауы. Кітап оқу арқылы адам өз білімін арттырып, дүниетанымын кеңейтеді. Сонымен қатар кітап адамның сөздік қорын молайтып, сауатты сөйлеуге және дұрыс жазуға үйретеді.
Кітап оқитын ұлт – болашағы жарқын, білімді ұлт. Себебі кітап оқыған адам көп нәрсені үйреніп, өмірге деген көзқарасын қалыптастырады. Кітап бізге тарихты танытып, қызықты оқиғалар арқылы ойымызды дамытады. Әрбір адамның үйінде кітап болуы және оны оқуға уақыт бөлуі маңызды.
Қазіргі заманда технология дамығанымен, кітаптың маңызы ешқашан жоғалмайды. Электронды кітаптар да білім алуға мүмкіндік береді. Ең бастысы – кітап оқуға деген қызығушылықты жоғалтпау.
Менің ойымша, әрбір оқушы күн сайын кітап оқуды әдетке айналдыруы керек. Өйткені білімді ұрпақ – елдің болашағы. Кітап оқитын ұлт қана дамыған, мәдениетті және саналы қоғам құра алады. Сондықтан кітапты бағалап, көп оқуға ұмтылайық!
Айдана Қылышбекқызы,
№85 орта мектебі 8 «ә» сынып оқушысы.
Жетекшісі: қазақ тіл пәні мұғалімі Назира Оразханқызы,
Қармақшы ауданы,
Төретам кенті
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!