Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселесі қаралды

03.11.2026, 17:35 56

HALYQLINE.KZ

Бүгін Сырдария ауданы әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда тұрғындарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселелері қаралды, деп жазады баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта аудан бойынша науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажетті дәрілік заттардың қоры стационарлық бөлімшелерде, емханада және елді мекендердегі медициналық пункттерде жеткілікті деңгейде. Биыл аудандық аурухана арқылы тұрғындарды тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету мақсатында 570,1 млн теңгеге дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар сатып алынған.

Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде ересектер санаты бойынша 210 млн теңгеге, ал 18 жасқа дейінгі балаларға 18,4 млн теңгеге қажетті дәрілік заттар қарастырылған. Бүгінде аудан аумағында бірқатар дәріхана халыққа қызмет көрсетуде. Қазіргі уақытта дәріханалардағы дәрілік заттардың қоры жеткілікті.

Мәжілісте аудан әкімі жауапты сала басшыларына тұрғындарды қажетті дәрілік заттармен үздіксіз қамтамасыз етуді, дәрі-дәрмек қорының жеткіліктілігіне тұрақты бақылау жүргізуді және медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: