Алдағы үш тәулікте Қазақстанның жекелеген өңірлерінде қатты жауын-шашын күтіледі.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның жекелеген өңірлерінде қатты жауын-шашын түседі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
«Алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы солтүстік-батыс циклондар сериясы өтеді. Тұрақсыз ауа райы елдің барлық дерлік аумағын қамтып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. 24 қарашада Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысындағы жекелеген аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ болады деп болжануда. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі», — делінген дүйсенбі күні ұсынылған 24–26 қарашаға арналған ауа райы болжамында.
Атап өтілгендей, температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 26 қарашаға қарай күндізгі ауа температурасы +15…+25 градусқа дейін көтеріліп, жылы болады.
Фото: buqara.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!