Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

8 колледж лицензиясынан айрылды

12.02.2021, 15:40 460

HALYQLINE.KZ ҚР Білім және ғылым министрлігі 8 колледждің лицензиясын қайтарып алды, – деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі. Осыған байланысты олардың қызметі толығымен тоқтатылды. Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті оқу орындарының білім беру қызметіне мониторинг жүргізіп, тиісті материалдық-техникалық базасы жоқ колледждерді анықтады.

Ол оқу орындарында сабақ жүргізілмеген немесе мектеп түлектері сол колледждерге (бірінші курсқа) оқуға түсуге қызығушылық танытпаған. Мысалы, Көкшетау заң колледжі мен Талдықорған заң колледжінде білім алған студенттер түлек атанған соң, аталмыш оқу орындарының басшылығы лицензияларын өз еркімен қайтару туралы шешім қабылдады.

Жалпы барлық жабылған колледж студенттері басқа оқу орындарына уақытылы ауыстырылды және оқытушылары жұмыспен қамтамасыз етілді. ҚР БҒМ колледждердің білім беру қызметіне қатысты мониторинг жұмыстарын жалғастырады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: