Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудандық “Үздік педагог” конкурсының жеңімпаздары марапатталды

10.10.2026, 0:15 26

Арал ауданында «Үздік педагог» атағын беру конкурсының аудандық кезеңі қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығымен бекітілген «Үздік педагог» атағын беру қағидаларына сәйкес ұйымдастырылған конкурс биыл тамыз-қыркүйек айларында өткізілді. Аталған қағидаларға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы №157 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Конкурстың мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық әлеуетін қолдау және білім беру саласындағы үздік тәжірибелерді дәріптеу.

Биыл ауданның білім беру ұйымдарынан 32 педагог электрондық портал арқылы өтініш беріп, қажетті құжаттарын тіркеді. Қатысушылардың құжаттарын құрамында білім бөлімінің, әдістемелік қызметтердің, ғылыми және талдамалық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар 9 адамнан тұратын аудандық комиссия қарады. Комиссия мүшелері үміткерлерді конкурстық талаптарда белгіленген сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес балдық жүйе бойынша бағалады.

Комиссия қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған 8 педагог аудандық кезеңнің жеңімпаздары атанды.

Конкурс жеңімпаздарына арнайы куәліктер (сертификаттар) табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: