Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Балалардың тыңдалымы мен айтылымын қалай қалыптастырамыз?

30.10.2020, 10:40 1261

HALYQLINE.KZ Кеше Қызылорда «Болашақ» университетінің «Мектепке дейінгі, бастауыш білім және өнер» кафедрасының «Кіші жастағы оқушыларға білім беру» ғылыми-педагогикалық орталығы «Zoom» платформасы арқылы «Балабақша тәрбиеленушілерінің тыңдалымы мен айтылымын қалыптастыру жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел жұмысы кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты А.Д.Есқараеваның кіріспе сөзімен ашылды.

Кафедра оқытушысы, осы дөңгелек үстелді ұйымдастырушы Н.Ә.Түнғатованың «Мектеп жасына дейінгі балалардың тыңдалымы мен айтылымын қалыптастыру барысында заманауи жаңа әдістемелерді қолдану жолдары» атты теориялық түсіндірмесі «Bilimland» теледидары арқылы өткізілді. Баяндамада балабақшада жаңа әдістерді қолданудың жолдары мысалдар келтіріле отырып, қолдану аясы түсіндірілді. Атап айтсақ, смарт мақсат қою; дивергентті және конвергентті ойлау; кездейсоқ нысандарды байланыстыру (тоғыстыру) әдісі; ми шабуылы; ақыл-ой картасы; Блум түймедағы; Вен диаграммасы.

Келесі баяндамада Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Мектепке дейінгі және бастауыш білім» кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторант Л.Р.Тайтелиева «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда болашақ мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің тіл тазалығын сақтау мәселелері» бойынша талдау жасады. Себебі баланың сөйлеу мәнері тәрбиешіге тікелей байланысты. Баяндама барысында тәрбиешілердің сөйлеу тіліне қойылатын талаптар сөз болды. Сонымен қатар, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 4-курс студенттері Г.Ізбанованың «Баланың сөздік қорын дамытудың мазмұны мен міндеттері», Ш.Пірназардың «Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдістері» тақырыптары бойынша баяндамалар тыңдалды. Дөңгелек үстел барысында мектеп жасына дейінгі балалардың тыңдалымы мен айтылымын қалыптастыруға байланысты мәселелер өз дәрежесінде талданды.

Қызылорда «Болашақ» университетінің

«Мектепке дейінгі, бастауыш білім және өнер» кафедрасы

Пікірлер:
  • Кафедрамыздың магистры, аға оқытушысы Түнғатова Нүргүл Әмірханқызының кафедраның ғылыми орталығының жоспары бойынша өткізілген дөңгелек үстелі өте жоғары деңгейде жүргізілді. Нүргүлдің теориялық білімінің жоғары екені әр кез әр сабағында белгілі болатын. Кафедраның ғылыми потенциалын көтеру мақсатында ғылыми бастама жалпы биыл жаман емес. Дөңгелек үстелдер жалғасын таба берсін!!!

  • Баланың білімге деген құштарлығы ең алдымен осы мектепке дейінгі берілген білімге байланысты қалыптасады. Осы орайда, өткізілген дөңгелек үстел тыңдаушы қауымға өз септігін тигізері сөзсіз.Болашақ университеті оқытушылары на үлкен рақмет!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: