Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Украина Қырым көпірін толық қиратуды жоспарлап отыр – The Telegraph

29.11.2026, 21:25 26

HALYQLINE.KZ

Украина президенті Владимир Зеленский әскери қолбасшылыққа Қырым көпірін толық қиратуды тапсырған. Украина қарулы күштері көпірге жаңа соққылар жасауға дайындалып жатыр. Бұл туралы Ұлыбританияның The Telegraph басылымы әскери дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлайды.

«Президент көпірдің толық қиратылғанын қалайды», — деген басылымның дереккөзі.

Қараша айының ортасында Украина күштерінің соққыларынан Қырым көпірінің автомобиль жолының бір бөлігі мен тірек аркасы Керчь бұғазына құлаған. Теміржол бөлігі де едәуір зақымданған.

Басылымның жазуынша, көпірді толық қирату Зеленский үшін маңызды саяси жеңіс болар еді. Киев осылайша Ресейдің аннексияланған Қырымдағы бақылауын әлсіретуді көздейді.

Бұған дейін Зеленский Қырым көпіріне жасалған соққылар Ресейдің Украина инфрақұрылымына шабуылдарына жауап екенін мәлімдеген. Ал Ресей билігі зақымданған көпірді қалпына келтіретінін хабарлаған.

Ресей мен Қырымды байланыстыратын ұзындығы 19 шақырымдық көпір 2018 жылы пайдалануға берілген.

Фото: РИА Новости / Дмитрий Макеев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: